19.04.2023 күні @karlib_kz Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, халық суретшісі, киноактер, режиссер, хореограф Әубәкір Ысмайыловтың 110 жылдығына арналған "Сегіз қырлы, бір сырлы" атты еске алу кеші өтті.

Кеш барысында Алматы қаласында тұратын өнер иесінің қызы Г. Әубәкірқызы арнайы дайындалған бейне сәлемін жолдады. Шахтинск қаласындағы Ә. Ысмайылов атындағы көркемөнер мектебінің педагогі Қасым Арай Өмірбаянқызы оқырман назарына мектептің тарихы туралы бейне шолу ұсынды.
#ДХШимИсмаилова
#юбилей