Мектеп сурет, кескіндеме графика, мүсін, өнер тарихы, станокты және қолданбалы композиция бойынша бастапқы академиялық көркем білім береді. Мектепте дайындық, негізгі және кәсіптік бағдар бойынша үш саты бойынша оқыту жүзеге асырылады.

Бірінші саты – даярлық курстары.

Бұл кезең даярлықтан негізгі курстарға дейін оқу болып табылады, онда балалар бес жастан бастап он бір жасқа дейін оқиды.

Дайындық курстың негізгі мақсаты мектепке дейінгі және бастауыш

мектеп жасындағы оқушыларға бастапқы эстетикалық дамуын қалыптастырады. Балалардың жан-жақтылық алғашқы білімдерін жетілдіру және қалыптастыру үшін сурет, сәнді қолданбалы өнер, жапсырма, 7 жастан -бастап компьютерлік графика пәндері оқытылады.

Жас санатына қарай келесі топта құрылады:

1 курс  мектепке дейінгі:  5 – 6 жас. (оқу жүктемесі аптасына 6 сағат)

Оқытылатын пәндер: сурет, жапсырма, сәнді қолданбалы өнер, компьютерлік графика;

2 курс кішкентай мектеп оқушылары: 7 – 8 жас; (оқу жүктемесі аптасына 10 сағат) Оқытылатын пәндер: сурет, жапсырма, сәнді қолданбалы өнер, компьютерлік графика);

3 курс кішкентай мектеп оқушылары: 9 – 10 жас; (оқу жүктемесі  аптасына 10 сағат. Оқытылатын пәндер: сурет, жапсырма, сәнді қолданбалы өнер, компьютерлік графика;

Одан әрі қарай нөлдік курсқа немесе дайындық курсқа , 3 сыныпқа дейін дайындықтан өткен және жалпы білім бар бастауыштың балалары қабылданады.

Курстың міндеті – оқуды жалғастырудың мақсаты баланың жеке бейімділігін біржолата айқындап, 1 курс ІІ саты аралығына дайындығына – негізгі мерзімде көркемсурет мектебінде оқу.Мектеп оқушыларынан топтар құрылады 10-11 жасаралығында  (оқу жүктемесі аптасына 10 сағат) оқытылатын пәндер: сурет, кескіндеме, композиция, мүсін, компьютерлік графика);

Екінші саты – негізгі курсты оқыту – 4 жыл оқиды.

Екінші сатыда оқытудың ең басты кезеңі жүзеге асырылады,балаға алғашқы көркемдік білім беріледі, яғни бітірушіге мемлекеттік аттестация  қорытындысы негізінде мемлекеттік түрдегі қосымша білім беру жүйесін бітіргендігін растайтын құжат тапсырылады.

І негізгі курсқа  4 сыныпқа дейін дайындықтан өткен жалпы білім беретін мектептердің 5-6 сынып оқушылары өзінің көркемдік білімдерін жетілдіріп, шығармашылық қабілеттерін  әрі қарай дамытқысы келетіндер ғана оқуға қабылданады.

І курсқа оқу жүктемесі аптасына – 13 сағат.

Оқытылатын пәндер: сурет, кескіндеме, станокты композиция, мүсін, бейнелеу өнерінің тарихы, компьютерлік графика;

ІІ курсқа оқу жүктемесі аптасына – 13 сағат.

Оқытылатын пәндер: сурет, кескіндеме, станокты композиция, қолданбалы композиция, мүсін, бейнелеу өнерінің тарихы, компьютерлік графика;

ІІІ және ІV курстардың оқу жүктемесі аптасына – 14 сағат.

Оқытылатын пәндер: сурет, кескіндеме, станокты композиция, мүсін, бейнелеу өнерінің тарихы, компьютерлік графика, пәнді таңдауы бойынша.

4 жыл ішінде оқушылар курстан курсқа барлық пәндерден аттестацияны табысты тапсырған жағдайда көшіріледі.

Екінші сатының ІV курсында оқушылар қортынды арнайы шығармашылық жобамен оқуды аяқтайды.

Оқу бағдарламасындағы құзіреттілік көркемдік білімдерін әрі қарай тереңдете дамыту мақсатында қосымша оқытудың үшінші сатысы – Vкурс – кәсіби бейімделу курсы ұйымдастырылады.

Кәсіби биімділік оқу көрсетуде және көркем білім қабілеттерін әрі қарай жалғастыру үшін негізгі курстарды (I-IVкурстарды)табысты бітірген оқушылар, сонымен қатар орта кәсіби оқу орындары мен жоғарғы оқу орындарына түсу үшін қосымша V курсқа мектеп әкімшілігінің шешімімен қабылданады.

Топтардың сандық құрамы 8-ден 15 адамға дейін.