Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Қарағанды қаласының N 1 балалар көркемөнер мектебі көркемдік - эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру педагогтарына арналған жыл сайынғы көрме-байқауын ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту, кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады.