«Social Development Center» қоғамдық қоры мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қолдауымен 16.10-21.10.2022 аралығында Шымбұлақта “Ұлы таулардың шыңдары” атты Республикалық арт-симпозиум болды. Сол симпозиумға мектебіміздің педагогі Темиргалиев Ерсин Манарбекович шақырту алып, барып қайтқан болатын. Жалпы бұл жобаға Алматы, Астана, Талдықорған, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Семей және Қызылорда қалаларынан 35 суретші қатысты. Олар Шымбұлақтың әсем табиғатын, биік тау тастарын бес күн бойы бейнелеп , жазып шығармашылықтарын нығайтып, дөңгелек үстел болып, тәжірбие алмасып қайтты.
Жоба соңы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайында Республика күніне арналған "Ұлы таулардың шыңдары" атты республикалық суретшілер көрмесімен және жиналған жұмыстардың каталог жиынтығы шығарылып суретшілерге таратылды.
https://unesko.kz/kz/zhanaly-tar/161-ly-taulardy-shy-dary-atty-respublikaly-art-simpozium-boldy.html#sigFreeId91b010708c












