Кеше Қарағанды төрінде Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Жазушылар одағының Қарағанды филиалы бастамасымен “Менің елім” атты өнер жәрмеңкесі Piano мейрамханасының шығармашылық залыңда жаңаша форматта кермет өтті.
Кеш қонақтары шара басында ( Қарағанды, Қарқаралы, Шахтинск, Бұқар -жырау ,Теміртау ) қалаларынан келген жеті суретшінің (кенеп майлы бояу, линогравюра, габелен, акрил, гел.ручка, ком.графика, гуашь ) техникаларында салынған шығармашылық жұмыстарымен таныс болды. Ерсин Темиргалиев суретшілер атынан сөз сөйлеп әр - бір жұмысқа тоқталып , көрермендермен таныстырды. Бұл көрмеге біздің мектебіміздің педагогтері Жумабеков Жанабек, Баиргалиева Назира және Темиргалиев Ерсиннің жұмыстары да қойылды.
Ал, екінші бөлігі ақын - жазушы, әнші, күйшілердің өнерлерін тамашалап рухани байып қайттық.
Кеш соныңда ҚР Мәдениет қайраткері Рымбала Кенжебалақызы апайымыз сөз сөйлеп жастарға ақ батасын берді және Жазушылар одағының Қарағанды филиалы төрағасы Жанат Жаңқашұлы қатысушыларға өз алғысын білдірді.
Әр қатысушыға алғыс хат және Ахмет Байтұрсынұлы жайлы көркем фильм , Қасым Аманжоловтың ән-жинақ дискісі табысталды.
https://unesko.kz/kz/zhanaly-tar/154-keshe-ara-andy-t-rinde-ara-andy-oblysyny-m-deniet-arkhivter-zh-ne-zhattama-bas-armasy-zh-ne-zhazushylar-oda-yny-ara-andy-filialy-bastamasymen-meni-elim-atty-ner-zh-rme-kesi-piano-mejramkhanasyny-shy-armashyly-zaly-da-zha-asha-formatta-kermet-tti.html#sigFreeId13ecce9e69












