Біздің мектептің педагогтері 2022 жылдың 24 қарашасында «JAŃASHYL USTAZ» зертханасында Қарағанды облысының қосымша білім беру ұйымдарының жас педагогтеріне арналған «Сәндік-қолданбалы өнердің мүмкіндіктері» атты шеберлік - сыныптарын өткізді.
Іс-шара құттықтау сөзін
«Қарағанды облысы оқу-әдістемелік білім беруді дамыту орталығы» КМҚК әдіскері Калмагамбетова Айгуль Хамзеевна сөйлесе , артынша Қарағанды облысының қосымша білім беру ұйымдары қауымдастығының төрағасы Анастасия Владировнамен Қарағанды облысы Шахтинск қаласының қосымша білім беру педагогтарының қауымдастығының төрағасы Темиргалиев Ерсин Манарбекович қатысушыларға тілектерін білдіріп ,сәттілік тіледі.
Біздің «Ә. Ысмаилов атындағы балалар көркемөнер мектебі» КМҚК педагогтері ағашқа сурет салу, сәндік-қолданбалы өнер бойынша витраждармен жұмыс істеудегі инновациялық әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Шеберлік - сыныбын өткізген педагогтер: Скуригина Анастасия Ильинична; Жусупбекова Айгерім Бржановна; Бабакова Ирина Викторовна; Баиргалиева Назира Нұрланқызы.
Бұл іс-шараға Қарағанды ,Теміртау , Шахтинск , Саран қалаларымен Дубовка ауылының жас педагогтері қатысты.
Қатысушылар іс-шара соңында шеберлік- сыныбын өткізген педагогтерге өз оң пікірлерімен алғыстарын білдірді.
Видео түсірілім мен фотосуретті түсірген Жумабеков Жанабек Сайлаубекович.
https://unesko.kz/kz/zhanaly-tar/153-osymsha-bilim-beru-jymdaryny-zhas-pedagogterge-arnal-an-sheberlik-synyby.html#sigFreeId073f0f0642












