5 қазанда Шахтинск қаласының музыка мектебінің есігі қазақстандық әйгілі сазгер Нұрғиса Тлендиевтің музыкасы мен шығармашылығын сүйетіндер үшін айқара ашылды. Кескіндеменің «түстер музыкасы» деп аталуы бекер емес. Қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің орындауындағы Н. Тлендиевтің шығармаларының бейнелі құрылымын түсінуге және сезінуге Ә. Исмаилов атындағы балалар көркемөнер мектебінің оқушыларының жұмыстары көмектесті.












