Кедеймін деп қысылма өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы - жарқырап жатар жолында.
2022 жыл 12 сәуір күні Қарағанды қаласы №1 балалар көркемөнер мектебінің ұйымдастыруымен және Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының қолдауымен көркемөнер мектебі, өнер мектебі және көпсалалы қосымша балалар ұйымдары педагогтеріне арналған Х облыстық «МастерART» байқауы өтті. Байқауда Қарағанды облысы аймақтарынан қатысқан педагогтердің түрлі жанрда орындалған шығармашылық жұмыстары Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында қойылды. Бұл байқауға Шахтинск қаласы Әубәкір Ысмайылов атындағы балалар көркемөнер мектебіміздің ұстаздары да қатысып, түрлі номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болды:
Абдыгаликов Шахмурат Кабилдаевич – 1 орын кескіндеме (майлы бояу)
Бабакова Ирина Викторовна – 1 орын кескіндеме (гуашь)
Искакова Рада Сериковна – 2 орын кескіндеме (аралас техника), 2 орын кескіндеме (гуашь)
Сайгушева Наталья Юрьевна – 1 орын сәндік қолданбалы өнер (батик)
Нивиденская Елена Вячеславовна – 1 орын жүннен кескіндеме
Қасым Арай Өмірбаянқызы – 2 орын сәндік қолданбалы өнер (гобелен)
Жумабеков Жанабек Сайлаубекович – 3 орын графика
Дәл осы күні Қарағанды қаласы №1 балалар көркемөнер мектебінің педагогтері ұйымдастырған Х «Өнерлі шебер» облыстық шығармашылық практикум шеберлік сабағы өткізілді. Шеберлік сабақта ұлттық натюрморт пен қазақ қызы образы болды. Педагогтер өз таңдауы бойынша бірі ұлттық натюрмортты бейнелесе, бірі қазақ қызы образын аша білді. Әубәкір Ысмайылов атындағы балалар көркемөнер мектебі педагогтері және жас мамандары Бекетаева Аяулым Ескендыровна, Турдикулова Гулдана Жумакуловна шеберлік сабаққа қатысып, шығармашылықтарын шыңдап, сертификаттармен марапатталды.
Педагогтерімізді жеңістерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!
https://unesko.kz/kz/zhanaly-tar/128-kedejmin-dep-ysylma-neri-bolsa-oly-da-nerlini-yrysy-zhar-yrap-zhatar-zholynda.html#sigFreeIdf18ec0e1d8












